Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » Ашық сабақ: «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»
05
October
2022

Ашық сабақ: «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»

⚜️2022 жылдың 5-қазанында математика кафедрасының пән айлығы аясында 8А сыныбының  1-тобында алгебра пәнінен «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
🔹Сабақ басында оқушылар топқа бөлініп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы  бір-біріне сәттілік тіледі. 
«Сиқырлы дөңгелекте» жасырылған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өздерінің өткен тақырып бойынша алған білімдерін бекітті. Деңгейлік тапсырмаларды жеке және жұптаса орындау арқылы, білім алушылар өздерінің өткен тақырыпты дұрыс меңгергенін көрсете алды. «Математикалық доминоны» құрастыру барысында топ мүшелері білімдері мен қоса ұйымшылдығын да көрсете білді. Тапсырмалардың критерийлерге сәйкес орындалуы  білім алушылардың сабақ мақсатын меңгергенін көрсетті.

Педагог: Жадыкова Сандугаш Урисбаевна.