Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » Ашық сабақ: "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар"
04
October
2022

Ашық сабақ: "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар"

2022 жылдың 4 қазанында математика кафедрасының  пән  айлығы  аясында 6в сыныбының 1-тобында "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар" тақырыбында ашық  сабақ өткізілді. Сабақ әмбебап алгоритмге сай өтілді. "Әсем - әдемі" тренингі жүргізілді. Білім алушыларды орындарынан тұрғызып, есімдерінің бас әрпінен тұратын өз бойындағы жақсы қасиетті тізбекпен айтқызып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастады.
"Ширату" жаттығуларын жұппен орындатып, сұрақтарға жауап алды. Білім алушылардың сұрақтарға нақты, толық жауап айтуы оң, теріс, қарама-қарсы  сандарды дұрыс меңгергенін байқатты.
"Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге" демекші, білім алушыларға оқулықтан деңгейлік тапсырмалар беріліп, тақтаға тапсырманы орындады, шығару жолын түсіндірді. Сонымен бірге, білім алушыларға "зерттеу және бекіту" тапсырмасы орындау ұсынылды. Тапсырманың критерий мен дескрипторға сәйкес орындалуы білім алушының сабақ  мақсатын меңгергенін білдірді.
 
Педагог: Умбетова Нургул Сейтбековна