Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
22
August
2022

Әдістемелік семинар

22.08.2022 жылы Махатма Ганди атындағы №92 лицейде өткізілген әдістемелік семинарда  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Рая Нұрқызы  26.06-15.07.2022 жылы аралығында Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы филиалында «Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбындағы 120 сағаттық біліктілікті арттыру курсында үйренген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Курста лингвистика ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы, инклюзивті оқыту моделінің  ерекшеліктері мен принциптері, қазақ тілінің оқыту әдістемесі мәселелері қарастырылды. Функционалдық сауаттылық және жаңа жаһандық талаптар бойынша пікіралмасу жүргізілді. Оқыту мен оқуға қатысты мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, әдеби шығармаларды талдау жолдары мен әдеби талдаудың тәсілдеріне жаңаша көзқарас айқындалды.  Курс соңында қазақ тілінен 9-сыныпқа арналған «Гендік инженерияның пайда болуы және ген инженериясы шешетін мәселелер. Шартты бағыныңқы сабақтас» тақырыбында қысқа мерзімді жоспар бойынша презентация қорғады.