6 шілде - Астана күні
2024 жылы Астана қаласына 26 жыл толды. Елорда ғажайып ғимараттарымен, ерекше келбетімен, Еуразиядағы сәулетті қалалардың біріне айналды. Елорда дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, еліміздің дамуы мен өркендеуінің жарқын белгісі атанып, бүкіл әлемге танылды. Аталмыш күн – елорда тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де ерекше мереке.