24
July
2024
Тарихи орындарға саяхат
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары жазғы демалыста тарихи орындарды тамашалауда.
8 «А» сынып оқушысы
Керімхан Айша
Түркістан – ер түріктің бесігі
Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан ежелгі қала. Сол заманда шаһарға тырнадай тізілген қоңыраулы керуендер Батыстан да, Шығыстан да ағылып келіп жататын болған.
Түркістан – VII-XII ғасырларда саяси-экономикалық орталық болды.
Түркістан – ХІІ ғасырда мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды. ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленді. Ясауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылды. Мазар мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды. Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір болатын.