Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2023

Кітап-тәрбие көзі

Мақсаты: Оқушылардың кітапқа, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, кітап жанұямен бос уақытын саналы өткізуінің, ең бір ажырамайтын бөлігі екендігін түсіндіру, оқушыны кітап оқуға баулу, сөйлеу шеберлігін шыңдау.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды жан- жақты білімді болүға тәрбиелеу.
Кітап күні 1969 жылдың жиырма үшінші сәуірінен, бүкіл ғаламның кітап сүйер халқы үшін үлкен мереке.
Білімнің де, тәрбиенің де, адамдық қасиеттің де  бағыттаушысы – кітап.
Осы мерекеге орай 5 Ә сыныбының қатысумен «Жыл басына таласқан жануарлар» атты қиал- ғажайып ертегісіне қысқа сюжетті бойынша  қуыршақ театры қойылды. Оқушылар өзінің кейіпкерін, жауапкершілікпен орындады, актерлік шеберлігін ойдағыдай орындады.
Көрермендер: Алмешова Зарина қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі, Умбетова Нұргүл математика пән мұғалімі.
Дайындаған: кітапханашы Джангабаева Загида, кітапхана меңгерушісі Исагулова Айнур