Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тренинг: "Менің жақсы қасиеттерім"
10
октябрь
2024
Тренинг: "Менің жақсы қасиеттерім"
Лицей психологі 6-сынып оқушыларымен оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер және жағымсыз қылықтар жөнінде айту, пікірлесі, жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жиренуге баулу мақсатында «Менің жақсы қасиеттерім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. |Тренинг барысында «Менің ең жақсы қасиеттерім», «Құбыр», «Кім байқампаз?» және сергіту жаттығулары жүргізілді.
Ашық сабақ: “Санның модулі”
09
октябрь
2024
Ашық сабақ: “Санның модулі”
09.10.2024 күні математика пәні мұғалімдері кафедрасының айлығы аясында математика пәні мұғалімі Таймұха Төлеш Сарсенбайқызы 6 «Ә» сыныбына “Санның модулі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.  🔰Сабақтың мақсаты:  -Санның модулі ұғымын түсінеді; -Оң және теріс сандардың модулдерін анықтау арқылы есептерді тиімді шешеді; -Санның модулін қолдана отырып, түрлі математикалық есептерді шешу дағдыларын дамытады.
Оқыту-танымдық дәріс: «Мен-Алдармын, алдармын»
09
октябрь
2024
Оқыту-танымдық дәріс: «Мен-Алдармын, алдармын»
09.10.2024ж. 5«Ә» сыныбы ҚР Орталық мұражайында  өткізілген «Қазақ халық фольклоры: қазақ ертегілері әлемінде» жобасы аясында «Мен-Алдармын, алдармын» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқыту - танымдық дәріске қатысты. 🔰Мақсаты: Орталық музей мәдени-білім беру мекемесі ретінде оқушылар аудиториясына ерекше көңіл бөліп, жас ұрпаққа ұлттық мұрамызды, рухани құндылықтарымызды жастарға насихаттау мақсатында.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
09
октябрь
2024
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
⚜️Ата-ана мен бала қарым-қатынасы - бұл қоғамның негізгі құрылымының бір бөлігі, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудың маңызды факторы. Бұл қарым-қатынас баланың туылғаннан бастап өмір бойы дамиды, өзара түсіністік, қолдау және махаббатқа негізделген болуы керек.
Шахмат үйірмесі
09
октябрь
2024
Шахмат үйірмесі
Шахмат үйірмесі қызықты өтуде! Оқушылар зейіндерін дамытып, күрделі комбинациялар құруды үйренуде. Жаңадан келгендер үшін де, тәжірибелі шахматшылар үшін де әрқашан жаңа нәрсені меңгеру мүмкіндігі бар. Қатысушылар өзара жарысып, тактикалық әдістерді қолданып, шахмат ойынының қыр-сырын зерттеп жатыр. Барлық қызығушылық танытқан адамдарды шақырамыз!
Республикалық байқау: «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
09
октябрь
2024
Республикалық байқау: «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының қалалық кезеңінде лицейдің 11 «А» сынып оқушысы Болат Бекжан «Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы номинациясы бойынша, 10 «А» сынып оқушысы Байжуманов Батырхан «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі 1-орын мен медаль иегерлері атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.  ❇️Жетекшісі: информатика пәні және