Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Bolashak STEAM Truck" гранттық бағдарламасы бойынша жеңімпаздар
15
октябрь
2024
"Bolashak STEAM Truck" гранттық бағдарламасы бойынша жеңімпаздар
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 "Bolashak STEAM Truck" гранттық бағдарламасынан М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің оқушылары: 1.Ережеп Ернұр 11 "Б" сынып оқушысы 2.Кабдолов Аслан 10 "Г" сынып оқушысы - 80 000тг  3.Болат Бекжан 11 "А" сынып оқушысы 4.Сәрсенбай Бейбарыс 11 "Г" сынып оқушысы 5. Мереке Амир 8 "Ә" сынып оқушысы үздік шығып, 80 000тг сыйақымен марапатталды. ❇️Жетекшісі: информатика және робототехника пәні мұғалімі Ергеш Нұрсұлтан Сагитянұлы
Тренинг: «Керемет тұлғалар»
15
октябрь
2024
Тренинг: «Керемет тұлғалар»
15.10.2024ж.Лицей психологтары 9-сынып оқушыларымен топтық қарым-қатынасты нығайту, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, шығармашылық қабілетін дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға итермелеу, көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу мақсатында «Керемет тұлғалар» тақырыбында тренинг жүргізді.  🔰Тренинг барысында: «Сәлемдесу», «Өзін-өзі бағалау», «Кім жылдам?», «Кім тапқыр?», «Кім байқағыш?», «Сөзбен сипатта», «Құбыр» жаттығулары жүргізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысты. ​ ​​​
Психологиялық тренинг: "Керемет тұлғалар"
15
октябрь
2024
Психологиялық тренинг: "Керемет тұлғалар"
Лицей психологтары 9-сынып оқушыларымен топтық қарым-қатынасты нығайту, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, шығармашылық қабілетін дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға итермелеу, көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу мақсатында «Керемет тұлғалар» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында «Сәлемдесу», «Өзін-өзі бағалау», «Кім жылдам?», «Кім тапқыр?», «Кім байқағыш?», «Сөзбен сипатта», «Құбыр» жаттығулары жүргізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысты. 
Семинар: «PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру»
14
октябрь
2024
Семинар: «PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың ғылыми
14.10.2024ж.Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында білім алушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жетекші-тренер даярлау мақсатында халықаралық зерттеулерден үздік саналатын Сингапур мемлекетіне шетелдік тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырған химия пәні мұғалімі К.С. Абдуғаниұлы «PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру» тақырыбында колледж оқытушылары мен лицей ұстаздарына семинар өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Сынып сағаты: «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік»
14
октябрь
2024
Сынып сағаты: «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік»
14.10.2024ж. 7«А»  сыныбында «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өтілді. 🔰Мақсаты:  -Оқушыларға төтенше жағдайларда өзін-өзі қорғау және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру; -Төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету. ❇️ Сынып жетекшісі: Утегенова Айгул Альхаровна
Ата-аналар жиналысы: «Аутодеструктивті мінез-кұлықтың алдын алу»
14
октябрь
2024
Ата-аналар жиналысы: «Аутодеструктивті мінез-кұлықтың алдын алу»
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының 14.10.2024 күнгі, № 654 хаты негізінде  білім беру ұйымдарында 14 қазанында сағат 15-00-де Алматы каласының Ювеналды полиция бөлімінің басшысы және Психикалық сауықтыру орталығының бас дарігері «Аутодеструктивті мінез-кұлықтың алдын алу» такырыбында орта білім беру ұйымдары бойынша жалпы қалалық ата-аналар жиналысы өтті. Осы хат негізінде онлайн форматта Zoom платформасында ата-аналар
Сынып сағаты: «Қалдықтарға екінші өмір сыйлайық»
14
октябрь
2024
Сынып сағаты: «Қалдықтарға екінші өмір сыйлайық»
14.10.2024 жылы 8«А» сыныбында «Қалдықтарға екінші өмір сыйлайық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: 1.Табиғи заттарды тастамауға,керісінше олардан пайдалы заттар жасауға дағдыландыру. 2.Қоршаған ортаны ластамауға,табиғатты аялап күтуге тәрбиелеу. ❇️Жетекшісі: Несипберген Ф.
Сынып сағаты: «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік»
14
октябрь
2024
Сынып сағаты: «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік»
14.10.2024 жылы 7«В» сыныбында «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: 1.Балаларды “Төтенше” деп атауға болатын жағдайлармен, Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттермен таныстыру. 2. Қиын жағдайларда шешім табуды дамыту. 3. Өзара көмек пен өзара көмек сезімін тәрбиелеу. ❇️Жетекшісі: Бахиева К.