Тренинг: «Керемет тұлғалар»
15.10.2024ж.Лицей психологтары 9-сынып оқушыларымен топтық қарым-қатынасты нығайту, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, шығармашылық қабілетін дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға итермелеу, көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу мақсатында «Керемет тұлғалар» тақырыбында тренинг жүргізді. 🔰Тренинг барысында: «Сәлемдесу», «Өзін-өзі бағалау», «Кім жылдам?», «Кім тапқыр?», «Кім байқағыш?», «Сөзбен сипатта», «Құбыр» жаттығулары жүргізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысты.