Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
9 қыркүйек 2024 жылы 5 «А» сыныбында «Адалдық сағаты» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаттары: 🔱оқушылардың адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту; 🔱білім алушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету; 🔱оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. Сынып сағатында оқушылар өзара пікірлесіп, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену» керектігі жөнінде ой қорытындысын жасады.