Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз
Мемлекет басшысы: Қытай – уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді. Президент, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін Си Цзиньпинге ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқан қазақ-қытай ынтымақтастығының жай-күйін жоғары бағалады.