Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2016

методика

Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысы

2015-2016 оқужылына лицейдің ғылыми-әдістемелікжұмысының мақсаты:

Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасына сәйкес Ұлттық білім беру стандартының шарттарын іске асыра отырып, жеке тұлғаны құзіреттілігін, білім сапасын және дарындылығы мен қабілеттілігін ғылым жетістіктері арқылы дамыту, оны тәжірибе жүзінде бақылау, рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау, мұғалімнің ғылыми тұрғыда педагогикалық шеберлік деңгейін, танымын, құзіреттілігін және сабақ беру әдісін үздіксіз дамыту.

Міндеттері:

1.Білім алуда оқушыларды жас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес білімді, білікті, мәдениетті тұлғаны таңдау, білім мазмұнының, аса өзгерусіз ғылым жетістіктері арқылы терең білім алуға жағдай жасау;

2. Оқу жоспарында жаңа технологиялық карта мен метасызба әдісін пайдалану;

3. Әдістердің тұрақтылығын теориялық таңдау, ұстаз технологиясы мен құралы оқушылардың тек білім, іскерлік дағдыларының тиімді мүмкіншіліктері қамтамасыз ету ғана емес, олардың өз білімін жетілдіруде сондай-ақ оқу істерінде өзіндік оқуда және өмір сүру жағдайларында жаңа әдістерді пайдалана білу.

4. Оқушылар жетістігінкритериалды-рейтингтік бағалау жүйесі арқылы бағалау, баға көрсеткіштерінің құрылымын рейтинг арқылы жинақтау, құру, талдау.

5. Оқу үдерісінде қажеттіліктерді жинақтау, құзіреттілігін кіріс кезде қорытындыға талдама жасау, білімділік, біліктілік, мәдениеттіліктің қалыптасуының көрсеткіштерін талдау, зерттеу.

6. Мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін көтеру жеке аумақта және білім беруді біліктілік, іскерлік, мәдениеттілік жолымен ауысуға мұғалім үлгісін қалыптастыру, оқушылардың білімділік, біліктілігін қалыптастыру істеріне мұғалімдердің жетекшілігін жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру.

7. Мұғалімнің әр түрлі сыныптарды қабылдауын тәрбиелі сыныптармен жұмыс істей алуыншығармашылық топтардың құрамын қабылдауын қамтамасыз ету.

8. Лицейдің білім беру ісіндегі білімді, білікті, мәдениетті тұлға қалыптастыруды өсу көрсеткіші және білім беру жұмыстарын қайта ұйымдастыру істерін айқындау, ескерту, талдау, Ұлттық білім стандартын енгізуді, оныңшарттарын іске асыруды сараптау.

9.Он-лайн жүйесінде оқыту тәжірибесін дамыту.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс бағыттары:

ü Оқыту мен оқуда жаңа белсенді тәсілдерді қолданып сабақтың сапасын көтеру;

ü Инновациялық жұмыстар жүйесін енгізу;

ü Дарынды және талантты оқушыны қалыптастыру және дамыту;

ü Мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтау, талдау, жүйелеу, тарату;

ü Мектептер кәсібиқоғамдастық шеңберінде тәжірибені жетілдіру жөніндегі үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету;

ü Әдістемелік кабинет жұмысын жетілдіру.

Лицейде ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған тәжірибелі ұстаздар оқыту бағыттары бойынша кафедралар мен әдістеме бірлестіктері жұмысы ұйымдастырылған. Құрамы төмендегідей:

Ø Математика-информатика пәндер мұғалімдерінің кафедрасы;

Ø Жаратылыстану-ғылыми пәндер мұғалімдерінің кафедрасы ;

Ø Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің кафедрасы ;

Ø Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі (5-11 сыныптар);

Ø Эстетикалық және денешынықтыру, АӘД (Алғашқы әскери дайындық) пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.

Лицейде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіруге арналған жұмыстар жүйелі атқарылып келеді. Бұлар ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үш айлық курстары, кәсіптік байқаулар мен жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге арналған қалалық және республикалық, халықаралық семинарлар. Лицей оқушысының дарынды, белсенді, әлеуметтік қалыптасқан жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін мұғалімдердің шығармашылық ұжымы жинақталған.

Лицейде барлығы 50 педагог болса:

Мұғалімдердің мектепте, ББЖМБККДИ біліктілігін арттыруы - 100%

Ø Біліктілік талаптарына сәйкестігі – сәйкес

Ø Мұғалімдердің орта жасы – 38.

-Жоғары білімді – 100%

-ҚР «БІЛІМ ҮЗДІГІ» - 2

-Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері – 1

-Жоғары санат – 14

-Бірінші санат - 4

-Екінші санат - 15

-Ғылымкандидаты – 1

-Қауымдастырылған профессор – 1

-«Басқару ойының дамуына қосқан үлесі үшін» Ф.Тейлор атындағы Алтын медаль иегері - 1

-Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегерлері – 5

-Қалалық Білім Басқармасының грамотасы иегерлері – 5

-Мектепоқулығының авторы – 2

-Қолданбалы курс авторлары– 11

-ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үш айлық курстар бітірген мұғалімдер – 16

Лицей мұғалімдеріоқулықтар мен әдістемелік құралдардың және эллективті бағдарламалардың авторлары. Жастардың жетістікке ерте қол жеткізуі мен білім сапасын көтеруде инновациялық жобаларды игеру өте маңызды. Қазіргі күнде лицейдің педагогикалық ұжымы ғалымдармен және энтузиастармен бірігіп, қазіргі замандық астро-ғарыштық оқу-зерттеу кешенінің, оның ішіндесандық планетарий мен қашықтықтан басқарылатын обсерватория, жобалары бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

 

Похожие публикации:

30 ноябрь 2015 Мектеп туралы
01 сентябрь 2021 Бауыржанқызы Динара