Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей қызметі
30
июнь
2014

Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей қызметі

Лицейдің тақырыбы: Қоғамда және жеке өмірінде белсенді әлеуметтік бейімделуге қабілетті, кәсіби білімін саналы түрде дамытатын, өздігінен білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін дәлелдеуге дайын жан-жақты дамыған азамат тұлғасын дайындау

Мақсаты: Оқу үрдісі барысында ұстаздардың үздіксіз білімдері мен әдістемелік шеберліктерін арттыру арқылы оқушыларға толық әрі сапалы, жан-жақты білім беретін, қазіргі қоғам талаптарын қанағаттандандыра алатын мектептің инновациялық ұлттық моделін жасау.

2013-2014 оқу жылына арналған лицейдің оқу-тәрбие жұмысының мақсатты-кешенді жоспарының басым бағыты – оқушыға өздігінен білім алуға үйрету.
ü 2013-2014 оқу жылына арналған ұжымның перспективті мақсаты – оқушыға
таңдауы бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта білім бере отырып,
Қазақстандық патриотизмге, мәдениеттілікке, адамзаттың құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;
ü Қазақстанның әлемдік экономикасы мен қоғамдастыққа табысты ықпалдасуының
кілтін ұстаушы дара тұлғаны қалыптастыру;
ü Экономиканың барлық салалары үшін жоғары білімді, білікті және бәсекеге
қабілетті азаматтар тәрбиелеп шығару;
ü Халықаралық стандартқа орай орта білім беруде танымдық педагогика негізінде
инновациялық мектеп моделін құру.
Міндеті:
ü оқу жоспарында жаңа технологиялық карта мен метапәнді пайдалану;
ü пәндердің бағдарламасының мазмұнын тереңдету;
ü әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына талдаулар жүргізіп, танымдық
ü педагогика негізінде ғылыми-әдістемелік мазмұнды жетілдіру;
ü лицей оқу-әдістемелік базасын нығайту;
ü лицей ұжымына әлеуметтік-психологиялық жағдай туғызу;
ü мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында біліктілік
ü курстарына, кәсіби байқауларға және қашықтықтан ұйымдастырылған
пән олимпиадаларына қатыстырып отыру;
ü лицей іс-әрекетін ақпарат-талдау жұмысын ақпараттық технологиялар негізінде іске асыру;
ü дарынды оқушыларды іріктеп, олармен жұмыс түрлерін қазіргі заман талабына
сай жүргізу;
ü он-лайн жүйесінде оқыту тәжірибесін дамыту.
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған мектеп-лицей 2009 жылы Алматы
қаласында құрылды.
Мұғалімдердің шығармашылық ұжымы мен шәкірттердің бес жылдық жемісті еңбегінде қол жеткізген табыстары мен жетістіктері аз болған жоқ. Мектеп басшылығының ең басты міндеті – мұғалімдер ұжымының алдына жан-жақты ойластырылып келісілген, атқару қолдан келетін нақты мақсаттар қою. Заман талабына жауап беретін ұлттық инновациялық мектеп үлгісін жасауды басты мақсат еткен сапалы оқытушылар құрамы оқу-тәрбие үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың да негізі болып табылады. Сондықтан да лицейде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіруге арналған жұмыстар жүйелі атқарылып келеді. Бұлар Назарбаев зияткерлік мектептерінің үш айлық курстары, кәсіптік конкурстар мен жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге арналған қалалық және республикалық семинарлар. Лицей оқушысының дарынды, белсенді, әлеуметтік қалыптасқан жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін мұғалімдердің шығармашылық ұжымы жинақталған. Лицейде 35 педагог болса: 13-і жоғары санатты, оның ішінде 2-еуі Білім беру үздігі әрі ғылым кандидаттары; 1-санатты 5 мұғалім; 2-санатты 12 мұғалім жұмыс істейді. Кейбір мұғалімдеріміз оқулықтар мен әдістемелік құралдардың және элективті бағдарламалардың авторлары. Жастардың жетістікке ерте қол жеткізуі мен білім сапасын көтеруде инновациялық жобаларды игеру өте маңызды. Қазіргі күнде лицейдің педагогикалық ұжымы ғалымдар және энтузиастармен бірлесе отырып мектеп ішінде сандық планетарий, қашықтықтан басқаратын обсерватория, қазіргі замандық астро-ғарыштық оқу-зерттеу кешенінің жобаларымен белсенді жұмыс істеуде. Болашақта электронды оқытуды енгізу ойластырылуда. Лицейдің инновациялық қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – оқушының оқу жетістігін критериалды бағалау және үш тілде оқыту (көп тілділік).
Лицейдің білім берудегі басты ұстанымы – жеке тұлғаның жоғары зиялылық және мәдени даму деңгейін айқындайтын ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерге (математика, физика, химия, биология, IT) негізделген ғылыми жаратылыстану дайындығы. Аталған пәндер ауқымында әр оқушыға жоғары маманданған лицей мұғалімдері, қосымша білім беретін педагогтар, жоғарғы оқу орындары ғалымдарымен оқу жылы бойында да, каникул уақытында да және практикада да байланыс орнатуға лицейде жақсы мүмкіндіктер бар. Лицей 5-сыныптан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайтын жоғары оқу орындары оқытушыларымен тығыз бірлікте қызмет істеп келеді.
Лицейдің миссиясы: Мұғалімнің, оқушының және лицей түлектерінің әлеуметтік жетістіктеріне қажетті және қолайлы жағдайлар туғызу. Лицейдің білім беру бағдарламаларының басты мақсаты – ерікті өмірлік таңдау жасай алатын; даму мүмкіндігі бар кәсіптік білімін терең сезініп жалғастыратын; өз бетімен білім алып, өзін кемелдендіретін; өз қабілеттерін толық жүзеге асыра алатын; қоғамдық адаптацияға бейім және белсенді азаматтың жан-жақты жетілген жеке тұлғасын дайындап шығару.
Лицейдің жарғысына сәйкес бес пән: физика, математика, химия, биология және информатика бейінді пәндер болып табылады.Лицей 3 бағыт бойынша оқытады:
1-бағыты: физика – космос;
2 – бағыты: химия – биология ;
3 – бағыты: IT – технологиялар;
Химия, биология, физика, өзін-өзі тану пәндерін ағылшынша оқытуды қолға алған.