Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2015

Мектеп туралы

Лицейдің тақырыбы: Қоғамда және жеке өмірінде белсенді әлеуметтік бейімделуге қабілетті, кәсіби білімін саналы түрде дамытатын, өздігінен білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін дәлелдеуге дайын жан-жақты дамыған азамат тұлғасын дайындау.

Мақсаты: Оқу үрдісі барысында ұстаздардың үздіксіз білімдері мен әдістемелік шеберліктерін арттыру арқылы оқушыларға толық әрі сапалы, жан-жақты білім беретін, қазіргі қоғам талаптарын қанағаттандандыра алатын мектептің инновациялық ұлттық моделін құру.

Міндеттері:

-Білім алушыларды дамыту, оқыту және тәрбиелеуге арналған жаңа әдіс-тәсілдерге сәйкес педагогтарды инновациялық мектептің ғылыми-әдіснамалық негіздерімен таныстыру және оқыту, ұжымдық түрде міндеттер жүктеу, ұсыныстар беру.

-Метасызба әдісін лицейдің барлық пәндерінің мағынасын беруші және кіріктіруші әдіс-тәсіл ретінде сынап көру және енгізу.

-Әдістемелік бағдар беру және әзірлемелерді іске асыруда тәжірибе алмасуларды ұйымдастыру.

-Білім сапасының жақсаруын, оқу жоспарының іске асуын, сабақ беру әдістерін, мұғалімнің дайындығын қадағалау.

-Әдістемелік, психо-педагогикалық технологиялық жағдай жасау арқылы білім алушыларды «метасызба» әдіс-тәсілімен оқыту, өздігінен білім алуға және алған білімдерін тиімді пайдалануға дағдыландыру;

-Оқушы жетістігін бағалаудың критериалды бағалау жүйесін енгізу.

2016-2017 оқу жылына арналған лицейдің оқу-тәрбие жұмысының мақсатты-кешенді жоспарының басым бағытыоқушыға өздігінен білім алуға үйрету. Лицейдің білім берудегі басты ұстанымы – жеке тұлғаның жоғары зиялылық және мәдени даму деңгейін айқындайтын ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерге (физика-космос, химия-биология, IT) негізделген ғылыми жаратылыстану дайындығы. Лицей 5-сыныптан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайтын жоғары оқу орындары оқытушыларымен тығыз бірлікте қызмет істеп келеді. Жобалық зерттеу әрекеттері жоғары технологиялы, бәсекеге қабілеттіәлемде өмірге дайын,азаматтық ұстанымы бар,белсенді болып тәрбиеленуіне ықпалетеді. Лицейліктер зерттеутақырыптарын таңдауды және мақсатқа қол жеткізу жолдарын іздеуді, жоспар құруды, ғылыми болжамдарды ұсынуды,түрлі мәліметтерді жинақтаумен іріктеуді, нәтижелерді іс жүзінде қолдануды үйренеді. Басқа пәндерді кіріктіре зерделей отырып, таңдаған бейін пәні бойыншамеңгерген білімі мен білігі, дағдылары жоғары оқуорындарында табысты білімалуына және заманауи талаптарға сай болуына септігін тигізеді.

Лицейдің миссиясы: Мұғалімнің, оқушының және лицей түлектерінің әлеуметтік жетістіктеріне қажетті және қолайлы жағдайлар туғызу.

Инновациялық ұлттық мектепке көшу жағдайындағы лицей әкімшілігінің алдына қойған міндеттері:

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқыту (математика, физика, химия, биология);