Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектепшілік іс-шаралар

Автор: admin2 от 23-11-2016, 04:22, посмотрело: 594

0

Лицей дәстүрлері:

* Таңғы жаттығу «Қаражорға»

 

Мектепшілік іс-шаралар

 

«Қаражорға»қазақ халқының ертеден келе жатқан адам денсаулығына пайдасы зор бидің түрі. Жас буынды ұллтық тәрбие беруде «Қаражорға » биінің алар орны зор . Бидіңадам денсаулығына пайдасы туралы оқушыларға танымдылық жұмыстар жүргізіліп, күнделікті таңертең 8.15.-те жыл бойы «Қаражорға » биін билеу дәстүрге айналған. «Қаражорға» оқушылардың және мұғалімдердің сабаққа деген көңіл-күйлерін қалыптастырады .Оқушылардың денсаулығына тиімділігі мен халықтық өнерге деген қызығушылығынарттырады.


 

 

* Лицейге қабылдау

 




 
 
Мектепшілік іс-шаралар

Жыл сайын 5-сыныпқа қабылдау рәсімі дәстүрге айналған. Бұл іс-шара қабылданған сынып оқушылары мен олардың ата-аналары бірігіп ұйымдастыратын іс-шара. Әр сынып өз презентацияларын дайындап, өздерінің жетістіктерімен бөліседі.

 


 

 

* Шахмат турнирі.

Жыл сайын лицей базасында Үнді елшілігімен бірлескен «Дәстүрлі Махатма Ганди Мемориалы» атты шахмат турнирі өтеді. Жылда лицей оқушылар осы турнирде жүлделі орындарға ие болып келеді.

 

 

 

Мектепшілік іс-шаралар

 


 

* «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс

Қазақстан Республикасы Президентінің «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағдарламасы аясында ата-аналардың қатысуымен «Дені сау ұлт –ұрпақ болашағы» ұранымен «Әкем ,анам және мен» эстафеталық ойындар үнемі өткізіліп тұрады.

 

Мектепшілік іс-шаралар

 


 

* «Ұлан» әскери спорттық ойын

Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту мақсатында «Ұлан әскери спорттық сайысы» ұйымдастырылады.

 

 

 

Мектепшілік іс-шаралар

 

 

 


*«Ең үздік жыл оқушысы» байқауы

«Ең үздік жыл оқушысы» байқауы «Сенім» қамқорлық кеңесінің қолдауымен лицей әкімшілігі және «Тағылым» ОҒҚ басқару комитеті ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шара.

2014 жылдың 15-25 мамыр аралығында өткізілді.

Байқаудың құрылтайшылары №92 мамандырылған лицей әкімшілігі және «Сенім» қамқорлық кеңесі болып табылады.

Байқаудың мақсаты:

Дарынды, озат оқушылардың беделін көтеру, ынталандыру және мектеп оқушыларының білімге, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, танымын кеңейту.

Міндеттері:

* дарынды, ынталы оқушыларды анықтау, оқушылардың қабілеттерін ашу, қолдау көрсету және мадақтау;

* оқушылардың шығармашылық потенциалын ашу, жалпы дүниетанымын кеңейту;

* оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;

* дарынды оқушылардың беделін көтеру;

* оқушылардың құзырлылығын дамытуға ықпал ету.

«Ең үздік жыл оқушысы-2014» байқауының жеңімпазы 6 сынып оқушысы Арап Айдос.

 

Мектепшілік іс-шаралар

 

«Ең үздік жыл оқушысы-2015» байқауының жеңімпаздары «Оқушының оқу жетістігін критериалды-рейтингтік бағалау жүйесі» қорытындысы бойынша анықталып отыр. Жеңімпаздар 3 апталық «Орленок» Жалпыресейлік балалар лагеріне (Сочи қаласы) тегін жолдама алып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дастyрi