Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2021

"Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау жиыны

Бүгін, 15 желтоқсан,  лицейімізде Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай оқушыларды бірыңғай "Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. 
5 сынып оқушыларымыз ант тапсырып, "Жас ұлан әнұранын" орындады. Жиын барысында Жас ұлан ұйымының мақсат, міндеттері айтылып өтті. "Жас ұлан" ұйымының міндеттері:
1.Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді. 

2.Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу  керек  және Республикамызыдң  мемлекеттік  нышандарын  құрметтеп, мемлекеттік әнұрандарды  жатқа  айту керек. 

3.Шет елдердің  мемлекеттік  нышандары, адамдардың  немесе  басқа да  суреттер салынған, атаулар  жазылған  киімдерді  киюмен, заттарды  пайдаланумен әуестенбейді. 

4.Өзін  тұрмыста, қоғамдық  өмірде сыпайы,  қарпайым мінезде ұстайды. 

5.Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады. 

6.Жас ұлан ұйымының мүшесі- Отанына адал 

7.Жас ұлан ұйымының мүшесі- Отанының адал азаматтары.