Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2021

Сыныптан тыс іс-шара: «Star’s hour»

Лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Халима Пернехановна 8 сыныптар оқушылары арасында «Star’s hour» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. 
✔Іс-шара мақсаты оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, топта бірлесе жұмыс жасап, жақсы нәтижелерге қол жеткізу еді. 
🔹️Шара барысында оқушылар топтарда жұмыс жасай отырып, берілген тапсырмаларды шапшаңдықпен орындауға талпынды. Америка және Ұлыбритания елдерінің тарихы мен мәдениеті бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмаларды орындауға ат салысты. 🔹️Әсіресе 8 Г сынып оқушылары белсенділік танытып, 1 орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды 8 Ә сынып оқушылары иеленсе, 3 орында 8 А сынып оқушылары болды. 
✔Аталған іс-шара оқушылар үшін қызықты болып, соңында өз тілектерін бір-біріне білдірді.