Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
июнь
2021

5-сыныпқа қабылдауға конкурстық іріктеу

Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 02.06.2021ж. күні оқушыларды 5-сыныпқа қабылдауға конкурстық іріктеу болды.
Еліміздегі өңірлер бойынша 2021 жылғы 1-20 маусым аралығында офлайн-тестілеу форматында өткізілетін 70 мамандандырылған мектепке конкурстық іріктеу басталды. Биыл бұл конкурсты «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырып отыр.
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса отырып, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалған.
Конкурс Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өткізіліп жатыр.
Аудиториялардағы тәртіп үшін белгіленген кезекші мамандар жауап береді. Комиссия мүшелері тапсырмаларды оқушылардың көзінше ашып, таратып берді.
Мамандандырылған мектептерге түсушілер үшін толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған. Конкурстың қорытынды нәтижелері https://qabyldau.daryn.kz/ сайтының басты бетінде немесе аталған сайттағы оқушының жеке сауалнамасында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында конкурс өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.