Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2021

Оқушыларға арналған судағы қауіпсіздік

Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейінде "Оқушыларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбында балаларға ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға
бағытталған таныстырылым сабақтары жүргізілді.
💧Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі
қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. 

✔Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:
Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда
жағадан алыс жүзбеу керек;
Кемеге жақын жүзуге болмайды;
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.
Қауіп төнген жағдайда құтқарушылар мен жедел жәрдемге хабарласу қажет.