20
июнь
2022
Йога күні өткізілді
Бүгін, 20-маусым, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Свами Вивеканда мәдени орталығы ҚР Үндістан елшілігі қолдауымен ұйымдастырылған йога күні өткізілді. Организмнің репродуктивті қызметін қалпына келтіретін, бүкіл дене мен бас миына терең демалуға мүмкіндік беретін йогамен айналысуға тек оқушыларымыз ғана емес, ұстаздарымыз да белсене қатысты. Барлық қатысушыларға сыйлық беріліп, тәттілер таратылды , сонымен қатар оқушылар ән айтып, би билеп уақыттарын қызықты өткізді.



