Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
май
2022

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!💐✨

9 мамыр - Ұлы жеңіс күні мерекесі - ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де - осынау мерекенің жемісі. Осы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілейміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! 
Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі.
Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл - күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке - бірлік тілейміз!