Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » «Әлеуметтік осал топтар санатындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» аудандық семинар
01
November
2024

«Әлеуметтік осал топтар санатындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» аудандық семинар

«Әлеуметтік осал топтар санатындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» тақырыбында аудандық әлеуметтік педагогтарға семинар өтілді.
Мақсаты:Әлеуметтік осал топтарға жататын балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері мен тиімді жолдарын ұсыну, әлеуметтік педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру және балаларға бағытталған қызметтің сапасын жақсарту.
1  қараша күні «Әлеуметтік осал топтар санатындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» тақырыбында аудандық әлеуметтік педагогтарға арналған семинар өтілді. Семинарда талқыланған тақырыптыр:
  • Әлеуметтік осал топтар: Әлеуметтік осал топтардың балаларға әсер ететін факторларын талдау (отбасылық қиындықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қаржылық қиындықтар, денсаулық жағдайы, білім алу мүмкіндіктері және т.б.).
  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: Әлеуметтік педагогтің рөлі, міндеттері мен қызметінің негізгі бағыттары. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде әлеуметтік педагогтың атқаратын жұмысы.
  • Әлеуметтік-педагогикалық әдіс-тәсілдер: Балалармен жұмыс істеуде қолданылатын тиімді әдістер мен технологиялар (группалық жұмыстар, ойын терапиясы, арт-терапия, кеңес беру, т.б.).
  • Қолдаудың түрлері: Әлеуметтік осал топтар санатындағы балаларға психологиялық, әлеуметтік және заңдық көмек көрсету.
  • Кейстерді талдау: Аудандағы нақты жағдайларға сәйкес кейс-стадиді талдау арқылы мәселелерді шешу жолдары мен тәжірибені бөлісу.
Семинар соңында қатысушылар өз тәжірибелерін бөлісіп, әлеуметтік осал топтармен жұмыс істеудің тиімді жолдарын анықтап, жаңа әдіс-тәсілдермен танысады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылады.