23
December
2022
11 «Г» сынып оқушыларымен жүргізілген «Сенімділік – күш береді» тренинг
Лицей психологтары оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтыу, өзі туралы ойын дамыту, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаның өзін-өзі тануына бағыттау мақсатында «Сенімділік – күш береді» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында: мақсаты мен ережесі айтылып «Фигуралардың өзіңе жақынын таңда?», «Жақсы және жаман», «Менің шешімім», «Өзіңе сен», «Біздің топтың жүрегі» жаттығулары жүргізілді. Оқушылар барлық жаттығуларға белсене қатысып, соңында өз сыныбының журегін жасап, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.