16
October
2024
Семинар-тренинг: «Құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу»
Лицей психологі Турсунбекова А.Б. 9-сынып оқушыларына өз құқықтарын біле отырып, өзгенің де құқығын сақтауға үйрету, құқықбұзушылықтың алдын алу және буллингтің түрлері, оның алдын алу жолдарын түсіндіру мақсатында «Құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг жүргізді. Семинар-тренинг барысында:
-Буллингтің түрлері;
-Буллинг және кибербуллинг жағдайында досымызға қалай көмектесе аламыз?
-Буллинг қандай жағдайларға алып келуі мүмкін?
-Құқықбұзушылыққа жататын іс-әрекеттермен бөлісу;
-Құқықтық тәрбинің өмірге қажеттілігін түсіндіру;
Оқушылар осы сұрақтарға жауап алып, өз ойларымен бөлісіп отырды. Семинар тренинг соңында оқушыларға сергіту, топтық жаттығулар жүргізілді.