«Жеке тұлғаны дамыту». 7«А» сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырылады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту ұғымы-оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы». 7 «А» сынып оқушыларының бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту, тұлға туралы ойларын анықтап, жеке тұлға болып қалыптасуына көмек беру мақсатында «Жеке тұлғаны дамыту» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында: «Сәлемдесу», Сұрақ-жауап, Постер қорғау әдісі, сергіту жаттығуы ретінде «Крокодил» ойыны жүргізілді. Оқушылардың барлығы жоғары белсенділікпен қатысып, соңында шаттық шеңбер құрып өздері алған әсерлермен бөлісті.