ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
31.05.2021 ж күні лицейде ғылыми-әдістемелік конференция болды.
Тақырыбы: «Білімді ізгілендіру жағдайында оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігі»
Күн тәртібі бойынша қаралған мәселелер:
- 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша кафедра және Әдістемелік бірлестік жұмыстарына талдау.
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
- Лицей психологы есебі.
- Мұғалім қызметінің рейтингісі.
Әдістемелік бірлестік жетекшілері кафедраның сапалық құрамымен таныстыра отырып, 2020-2021 оқу жылында өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, лицей мұғалімдері мен білім алушылардың жетістіктерін атап өтіп, жылдық есеп берді.
Келесі қаралған мәселе бойынша лицей психологы Турсунбекова Ақниет педагог-психолог жұмысының жылдық есебін берді. Психологиялық қызметтің негізгі мақсат-міндеттерін көрсете отырып, психолог жұмысының негізгі бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысын берді.
Оқу жылында:
- «Сабақ үрдісінде оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және ескеру» атты мұғалімдерге арналған кеңестер;
- «Оқушылардың таным процесстерін дамытуға арналған жаттығулар» тақырыбында ұсыныстар;
- Қашықтан оқыту штаттық режимде және қашықтықтан аралас форматта оқыту кезінде мұғалімдерге психологиялық тренингтер;
- Қыз балаларға арналған: «Қазақ қызы-ұлттық тәрбие бастауы», «Қыз қылығымен...», «Қыз бойындағы асыл қасиеттер» тақырыптарында кеңестер және тағы да басқа өткізілген іс-шаралар есебін берді.
Бауыржанқызы Динара 2020-2021 оқу жылында тәрбие бағыты бойынша сынып жетекшілердің жылдық есебін берді.
Қаулы етеді
Ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша кафедра және Әдістемелік бірлестік жұмыстары қанағаттанарлық.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімнің өзін-өзі бағалау парағы алынып, лицей әкімшілігі мен комиссия мүшелерінің шешімдерімен мұғалімдер мынадай номинациялармен марапатталып, сыйлықтар берілді:
- Бас жүлде «Жыл мұғалімі-2021» Мунасаева Рая Нуровна, І дәрежелі Диплом «Жыл мұғалімі-2021» Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлы, ІІ дәрежелі Диплом «Жыл мұғалімі-2021» Курманбаева Алия Акынкожаевна, Утегенова Айгул Альхаровна, ІІІ дәрежелі Диплом«Жыл мұғалімі-2021» Бахиева Калимагуль, Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы, Шалқар Бекзат Қырқынбайұлы.
- «Best сынып жетекші-2021» Лепесова Кенжегуль Дуйсеновна;
- «Best кафедра жетекшісі-2021» Кулжан Шолпан Шоханқызы, УсеноваСандугаш Сабыровна марапатталды.