07
March
2022
Өндірістік жиналыс
7-наурыз 2022 жылы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде мұғалімдер мерекелік мадақтамалар мен құттықтауларға ие болды.Сабыр мен төзімнен жаралған, əрбір шаңыраққа нəр берген, бар қиындықты төзіммен көтере білген, əр əулеттің абыройын асқақтатқан, ағайынның ынтымағын арттырған, өмірге ұлды да қызды да əкелген, отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын, шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең етіп ұстап отырған аяулы да ардақты алтын құрсақты АНАЛАР!!! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН !!! Көктемнің шуақты күнімен қатар келетін аналар мерекесі құтты болсын!!! Ана өмірдің бұлағы. Ана баланың шырағы. Əрбір үйдің шырағы мен жарығы сөнбесін! Аналарымыз аман болсын!