Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » Әдістемелік-семинар: “Оқыту мен оқудағы мұғалімдердің көшбасшылығының маңызы”
20
January
2022

Әдістемелік-семинар: “Оқыту мен оқудағы мұғалімдердің көшбасшылығының маңызы”

Қаңтар айының 20-ы күні лицейімізде директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен
“Оқыту мен оқудағы мұғалімдердің көшбасшылығының маңызы” тақырыбында әдістемелік-семинар өткізілді. 
Әдістемелік-семинар барысында лицейіміздің білікті ұстаздары нақты бөлінген тақырыптар негізінде ізденіс жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. 
Әдістемелік-семинарды лицейіміздің жоғары санатты мұғалімі  Жоламанова Светлана бастады. Жалпы мұғалім бойында болу керек көшбасшылық қасиеттер және мұғалім мамандығының маңыздылығы туралы тың ақпараттармен бөлісті. 
🔰Сонымен қатар аталған тақырып негізінде лицейіміздің білікті мұғалімдерінің бірі Несипбергенова Фарида көшбасшының негізгі қызметтеріне және оқыту мен оқудағы мұғалімдердің көшбасшылығының мәні мен маңызына кеңінен тоқталып,  нақты тұжырымдар арқылы дәлелдеді. 
🔰Семинар барысын одан әрі қарай тарих пәнінің мұғалімі Жетен Диас “Мұғалім тек оқу мен оқыту процесін ұйымдастырушы” тақырыбында жалғастырды. Мұғалімнің сабақ үрдісін жүргізу барысында ескерілуі керек жағдайларға және оқыту процесінің негізгі қызметтеріне тоқталып өтті.
🔰Лицейіміздің информатика пәнінің мұғалімі Қуандық Аршын “Топ жетекші ретінде әрекет етуші” тақырыбы негізінде 
көшбасшылардың түрлеріне тоқталып және олардың негізгі қасиеттеріне сипаттама берді. 
🔰Семинарды одан әрі қарай география пәнінің мұғалімі Нурпеисова Айгерім “Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетімен түсінуге бағыт-бағдар беруші” тақырыбында жалғастырды. 
📍Оқушылардың өз бетімен жаңа материалды меңгеру, ұғыну әдістеріне кеңінен тоқталып өтті және өз бетінше білім жетілдірудің басты бағыттарын саралап көрсетті. 
🔰“Оқушылардың жеке пікірін ескеру тақырыбында” одан әрі қарай семинар барысын биология пәнінің мұғалімі Сәтжан Сәния жалғастырды. 
📍Оқушылардың жеке пікірін ескеру негізінде өткізілетін сабақ түрлеріне кеңінен тоқталды және сабақтың өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіру маңызын нақты мысалдардар арқылы талдап көрсетті. 
Лицейіміздің білікті де, білімді мұғалімдері “Оқыту мен оқудағы мұғалім көшбасшылығының мәні” тақырыбын 
 жан-жақты талдап, нақты мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетті📌📝 
Әдістемелік-семинарға қатысушы мұғалімдер өздеріне көптеген тың мәліметтер ала-алды деп сенеміз.