Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
24
June
2021

ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУДЕ?

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...
Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.
                                                                    
                                                                                      Абай Құнанбаев

8"Ә" - сынып оқушылары, сынып жетекшісі: Сәтжан Сания Сәбитқызы
Олжаболат Айман жазғы демалысында қолөнер үйірмесіне барады.




Махмедова Адэля бос уақытында кітап оқығанды ұнатады. 
"Кітап ақылына ақы сұраMayтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сіз де жақсы білесіз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Біз бүгін сіздерге кітап оқудың 7 пайдасы жөнінде айтып көрейік. Түртіп алыңыз.

1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. 

2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. 

3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. 

5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. 

7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. 

Information дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/47588/