25
May
2021
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
🏢Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейінде 25.05.2021ж. күні "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиын онлайн форматында тікелей эфирде өтілді.
🔔Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.
✅Түлектерімізге алдағы уақытта жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіреміз. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілейміз!