Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
14
April
2021

«Best жас маман - 2021»

05.04.2021 - 13.04.2021 күндері арасында жас мамандар арасында «Best жас маман - 2021» атты сайыс өткізілді.

Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Әділ-қазы мүшелері: лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірбекова Шұғыла Есіркепқызы,  директордың ғылыми әдістеме жөніндігі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловна, директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары Бекмырза Қарлығаш Байділдақызыхимия пәні мұалімі Мықтыбек Тәңірберген болды. 

«Best жас маман - 2021» сайысына 1-3 жыл аралығында лицейдің он жас маманы қатысты.

  1. Абылқасым Мөлдір – биология пәні мұғалімі
  2. Акжигитова Айдана– жаратылыстану пәні мұғалімі
  3. Аралбаева Жансая– кәсіпкерлік және бизнес пәні мұғалімі
  4. Әлібекова Камила– информатика пәні мұғалімі
  5. Домакбаева Айдана– жаратылыстану пәні мұғалімі
  6. Даукен Мөлдір– математика пәні мұғалімі
  7. Ерлан Анель– орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  8. Қуандық Аршын– информаткиа пәні мұғалімі
  9. Сатжан Сания– биолоия пәні мұғалімі
  10. Таймұха Төлеш– математика пәні мұғалімі

Сайыс 4 турдан тұрды: 

1. Таныстыру

2. «Best ашық сабақ»

3. Өнер өрге жүзгізер

4. «Біле білген білімді»

1-тур. «Таныстыру». Бұл кезеңде жас мамандар өздері туралы видеотаныстыру жасады. Таныстыруды бағалауға лицейдің барлық ұстаздары қатысты. 

Жас мамандардың  таныстыру видеоларына 74 мұғалім дауыс беріп. Әлібекова Камила ең көп дауыс жинап жоғарғы 10 баллға ие болды.

         


2-тур. «Best ашық сабақ» Бұл турда сайысқа қатысушы ұстаздар MS Teams платформасында ашық сабақтарын онлайн өткізді. Ашық сабаққа бейнежазба жасалынып, MS Teams платформасында папкаға жинақталып отырды. Әділ-қазы алқалары жас мамандардың жасаған қысқа мерзімді жоспарларын талдап, ашық сабақтарға өз ұсыныстарын беріп отырды. Ашық сабақ 10 критерий бойынша бағаланып, жоғарғы 10 баллмен бағаланды.

                              


3-тур. Өнер өрге жүзгізерБұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Жас мамандар өз қалауына қарай ән айтты, көркем сөз оқып, домбыра тартып, түрлі тәттілер пісіріп және ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетті. 

4-тур. «Біле білген білімді» Бұл турда ұстаздара ситуациялық жағдайлар жасырылған ұяшықтар ұсынылды. Өздері таңдаған ұяшықтағы жағдайларға байланысты шешу жолдарын айтып өз педагогикалық деңгейлерін көрсетті. Ұстаздар ситуациялық жағдайат барысында өздерінің білімдерін көрсете білді, сұрақтарға толықтай жауап берді.

    


Әділ-қазы алқаларының қойған ұпайларының барлығы қосылып, жалпы сайыс бойынша қорытынды нәтижелер шығарылды. Аралбаева Жансая «Ең креативті жас маман», Дәукен Мөлдір «Ең зерделі жас маман», Акжигитова Айдана «Жаңашыл жас маман», Ерлан Анель «Ең өнерлі жас маман», Сәтжан Сания «Ең үздік ҚМЖ құрастырушы», Абылқасым Мөлдір «Ең үздік ашық сабақ» номинациялары бойынша және Домакбаева Айдана                 III дәрежелі, Әлібекова Камила II дәрежелі, Таймұха Төлеш I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Төрт тур нәтижесі бойынша жоғарғы 161 балл жинап Қуандық Аршын «Бас жүлдемен марапатталып, «Best жас маман-2021» атанды.