Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
02
October
2024

Әдеби-музыкалық кеш: «Менің өмірім - менің жолдауым»

02.10.2024 ж. күні Үндістан кітап бұрышы жұмысының форматында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында  Алматы қаласындағы Үндістан Елшігінің Өкілдігінің және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қолдауымен, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің қатысуымен үнділік саясат және қоғам қайраткері Махатма Гандидің 155 жылдығына арналған «Менің өмірім - менің жолдауым» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.⠀
Іс-шараны алғы сөзбен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова ашты.

Әдеби-музыкалық кешке Алматы қаласындағы Үндістан елшілігінің консулы Котхаваде Свапнил Шарад мырза, Үндістан Республикасы Ұлттық мұрағаты директорының орынбасары доктор Санджай Гарг мырза; ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Көкеева; Қазақстандағы және Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз үнді классикалық би орталығының директоры және хореографы А.Е. Қайназарова қатысты.

Іс-шарада М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директорының орынбасары М.Б. Абылқасым, тарих пәні мұғалімі Қ.Т. Қабидолдин баяндама жасады.
Баяндамаларда ХХ ғасырдағы ең ірі саяси және рухани көшбасшылардың бірі Махатма Гандидің өмірі мен қызметі және оның өз халқы үшін тең құқықтарға қол жеткізудегі рөлін атап өтілді.

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушылары:

1.    Алимжанова Аяна2.    Сайлау Әнел3.    Туякпаева Мариям 4.    Қабдулда Әлібек 5.    Сайлау Иманғали 6.  Нұрланұлы Бақдаулет
М.Гандидің афоризмдері, ол туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, ой бөлісті.
Лицейдің 9 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.Д. Азбергенова іс-шарада белсенділік танытты. ⠀
Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласындағы Үндістан елшілігі өкілдігінің алғыс хаттары табыс етілді.