Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
Version for
visually impaired
06
May
2024

Кітап көрмесі: «Ұрпағы ұлықтаған – Ұлы Жеңіс»

06.05.2024ж.Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей кітапханасында «Ұрпағы ұлықтаған – Ұлы Жеңіс» атты тақырыпта  кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру; туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ата - бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі - өнеге тұту; елжандылыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
Қазір Жеңіс күні ерліктің батыл, ерен еңбектің мерекесі іспетті. Қан құйлы соғыста жасалған ерліктер мен тылдағы еңбек жөнінде айтылса, ертегіге балайтын ұрпақ өмірге келді. Бейбітшілікпен көзін ашқан бүгінгі буын үшін ІІ дүниежүзілік соғыс тарих беттерінен ғана мәлім болғандықтан ол күндердегі аға-апаларымыздың көрген қайғы-қасіреттерін сезіне алмауы – заңдылық. Шындығында, ел басына күн туғанда жауға аттанған біздің батыр аталарымыз да кейінгі ұрпаққа қазіргідей бейбіт өмір сыйлау үшін жандарын қиды.