Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
03
December
2020

"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫ

"Елбасы Медалі" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш The presidentі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш The presidentіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады.

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

«Елбасы Медалі» жобасының мақсаты: әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау. Бағдарламада әрбір қатысушы өз бейімділігін таба алатындай, өзін-өзі бағалай алатындай, өз ісінің үздігі, өз саласында көшбасшы, дербес тұлға бола алатындай және оған айналасындағыларды үйрету мүмкіндігі болатындай әзірленген. 

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары да “Елбасы Медалі” жобасына қатысып, онлайн-курстардан өткенін растайтын сертификаттарға ие болды. Айта кетер болсақ, 11 «В» сынып оқушысы Өскенбаева Айдана Анарбайқызы осы жоба аясында «Көшбасшылық» және «Қаржы сауаттылығы» онлайн-курстарынан өткені үшін сертификаттармен марапатталды. Сынып жетекші: Қ.Төреқұлов. 

Шәкірттеріміздің жетістіктері көбейе берсін!