Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
06
December
2023

Тренинг «Сенімділік»

Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып табылады. Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. 
Лицей психологтары оқушылардың бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез-құлық дамыту мақсатында 11-сынып оқушыларымен «Сенімділік» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында «Өзін-өзі бағалау», «Кім жылдам», «Нұрлы жүрек», «Менің шешімім», «Мен саған сенемін», «Ассоциация» жаттығулары жүргізілді.
Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі. Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Сол себептен әрқашан бір-бірімізге сенім арта білейік.