Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
25
January
2023

Ғылыми-практикалық семинар

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұжымы мен ҚББЖТҒӘО оқу жұмысы бөлімінің әдіскерлері Б.Б. Әлімбекова мен Н.Б. Жақыпова, М.С.Даулетова бірлесіп 2023 жылғы 25 қаңтарда Алматы қаласы жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған «Сабақта оқыту стратегиялары мен басымдықтарын жетілдіру жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

🔸Семинарға 65 пән мұғалімдері және сегіз аудан бойынша директордың ғылыми-әдістемелік  жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысты.

🔹Ғылыми-практикалык семинардың мақсаты:
Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, кәсіби құзыреттілігін  қалыптастыру.

🔸Семинарда лицей мұғалімдері озық әдіс-тәсілдермен ашық сабақтар, шеберлік сабақтар өткізді. Ашық сабақтардан кейін қонақтарға «Smart kids» оқушылардың қызығушылығын арттыру клубының жұмыстары көрсетілді.

🔹Теориялық бөлімде «Цифрлық менеджмент - мектептегі оқу-тәрбие жұмысының  сәтті заманауи кілті»  атты лицей жұмысының цифрлық жүйедегі жұмысымен ДОЖЖО Бауыржанкызы Динара;
«Оқытуды тиімді ұйымдастыру-білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында лицейдің ғылыми-әдістемелік бағыты бойынша жүргізілген жұмыстарымен ДҒӘЖЖО Слямова Н.Р.;
«Мектепішілік бақылау- мақсатқа сай нәтижеге бағыттау» тақырыбында атқарылған жұмыстарымен ДҒБЖЖО Алтаева А.М.  таныстырды.

🔸Ғылыми-практикалық семинар соңында келген қонақтар алғыстарын айтып, кері байланыс берді.