Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » 8 “В” сынып ата-аналарымен ерекше форматта ата-аналар жиналысы
19
November
2022

8 “В” сынып ата-аналарымен ерекше форматта ата-аналар жиналысы

8 “В” сынып ата-аналарымен ерекше форматта  ата-аналар жиналысы М.Әуезов  театрында Ғарифолла Есімнің "Таңсұлу" қойылымын көруге ұйымдастырылды.
«Ел болам десең бесігіңді түзе"- деп М.Әуезов атамыз айтқандай, қыз өсіруге ерекше мән берген қазақ үшін осы ұғым – қағида болары сөзсіз. Толықсып бойжетіп, өз теңіне ұзатылғалы отырған, атына заты сай Таңсұлудың тағдыры ғасырлар бойғы қазақ қыздарының  еншісі. Тұтқынға түскен ару, көз құрты болған сұлулығын өз еркімен тәрк етеді.Ұрпағын аман сақтап, махаббатына да қылаң түсірмейді. Қанша қиын күн туса да мойыMay, ұлына бабалар рухын жырлайды…Өзінің мұндай талайлы тағдырын  он жасында  түсінде көрген Таңсұлу – Ұлы Даланың жазылмаған заңы  – тектілік пен намыстың, парасаттылықтың символы десе болады.

Аналарымыз бұл қойылым арқылы  рухани нәр алып, ішкі сезімдерін де білдірді.Қойылымнан кейін театрға келуді әдетке айналдыруға ұсыныстар жасалды.
Қойылым аяқталғаннан кейін оқушылардың білімі мен тәрбиесі және т.б. мәселелер жайында айтылды.Ата- аналар үйден қадағалауын  айтты және оқушыларды жан- жақты дамыту үшін оқушылар арасында әртүрлі іс- шаралар  ұйымдастыруға жоспар құрылды.

Сынып жетекшісі: Юлдашева Гулнура Базарбаевна