Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
15
November
2022

15 қараша – Ұлттық валюта күні

15 қараша – Ұлттық валюта күні💎
Еліміздің төл валютасы туралы жарлық 1993 жылы 12 қарашада шықты. Үш күннен соң, 15 қарашада айналымға енді. Таңғы 08:00-ден бастап кеңестік рубльді теңгеге айырбастау басталды.
Теңгенің алғашқы дизайны қалам, калька, тушь арқылы салынды. Ұлттық валютамыздың дизайнерлері: Меңдібай Әлин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов, Хайрулла Ғабжалылов. 
Ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. 2011, 2012 және 2013 жылдары теңге банкнотасы әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. 
Теңге — жалған ақшадан қорғалған әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар осы теңгенің технологиясына сүйеніп, доллардың қауіпсіздігін күшейткен.