30
September
2022
Оқушыларымыздың сабақ өту барысы
🔰Teachers күні қарсаңында, дублер күні өтуде. Оқушыларымыздың сабақ өту барысы
Мектебімізде дублер күні өтті.
Осы күні 10-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. Мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Мектеп директоры - Нұрсұлтан (10 "А" сынып) және директорының орынбасарлары болды. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.