Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
Version for
visually impaired
10
февраль
2023

Best мектеп кітапханашысы-2023

Өткізілген күні:10.02.2023
Өткізілген түрі: сайыс
Мақсаты: Оқырмандарға кітап жайлы бағыт - бағдар алуы үшін, өз шеберлігімді шыңдаймын.
Мектеп кітапханашысы – ол педогогикалык іс- әрекетке тікелей қатысушы, ол тәрбиеші, ол  ұстаз.
Жан жақты дамыған баланы тарбиелеуге атсалысады. Оқушылардың  ой – өрісін кеңейтіп, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдеседі. Ұстаздармен бірге  ашық сабақтар, семинар- тренингтер, форумдар ұйымдастырады.

Бұл сайысқа 11 мектеп қатысты: 38 гимназия, 40 мектеп, 45 мектеп, 73 гимназия, 125 мектеп, 140 гимназия, 145 мектеп, 146 мектеп, 189 мектеп, 10 интернат, 92 лицей. 
Әділқазылар - Қасымбек А.Ж, Ахметбаева Г.Б, Конарова А.С, Жаикова Ж.Ж.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1) портфолио, 2) өзіңді таныстыру, 3)үздік іс-шара, 4)жаңадан келген 1 кітапты презентациялау, 5) «Оқуға құштар мектеп» жобасына ұсыныс. 
Бұл мектептердің ішінен Гран-при алған №140 мектеп-Тохтаболатова Н.К., 1 орын алған №146 мектеп-Шынгозова Ж.Ж, 2 орынды №40 мектеп-Сыдыкова У.М. мен №38 мектеп-Утельбаева А.Б, 3 орынға №10 интернат-Айтбекова Т.Ж, №73 гимназия-Бахавдинова Г.Т мен №125 мектеп-Алмахановаға берілді. Келесі сайыс қатысушылар №189 мектеп-Мищенко Г.В. «Ізденімпаз кітапханашы», №145 мектеп-Иманбаева А.Н. «Ұшқыр ойлы кітапханашы», №45 мектеп-Абажанова К.К «Кітапханашы жұмысындағы инновацияларды дамытқан», №92 лицей-Исагулова А.Ж. «Жаңашыл кітапханашы» номинациялары берілді және әр қайсысымызға кітап сыйға берілді. Сайыс №68 мектепте өтті, кітапхана меңгерушісі Мамашева Акис Сакеновна.