Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
Almaty region бірінші чемпионат байқауы
06
November
2024
Almaty region бірінші чемпионат байқауы
Лицей мақтаныштары жас чемпиондарымыз Ережеп Ернұр, Мереке Амир, Сарсенбай Бейбарыс, Болат Бекжан,Қабдолов Аслан💐 😍😍😍😍 Almaty region бірінші чемпионат байқауының  жеңімпаздары «URAN 92» лицей командасы Құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻 Жеңісті күндерің көп болсын!
Тренинг: "Мейірімділік әлемінде"
06
November
2024
Тренинг: "Мейірімділік әлемінде"
Лицей психологі оқушы бойында қайырымдылық, мейрімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, бала бойындағы қатыгездіктің алдын алу мақсатында 6-сынып оқушыларымен "Мейірімділік әлемінде" тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында мәтінмен жұмыс, пікірлесу, сергіту жаттығулары жүргізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысты.  Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрқашан айламыздағыларға мейірімді болайық!
Дәріс: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
05
November
2024
Дәріс: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
5.11.2024ж лицейде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы туралы полиция мойоры Азбасов Максат Сайлаубекұлы және полиция лейтенанты Ордабек Нұрасыл Базарбайұлы оқушыларға дәріс оқып профилактикалық жұмыстар жүргізді.
«Demeu Cup II» қайырымдылық турнирі
05
November
2024
«Demeu Cup II» қайырымдылық турнирі
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 2-3 караша аралығында СДУ университетінің қабырғасында, SDU QAZAQ DEBATE & Демеу клубтарының ұйымдастыруымен өткен «Demeu Cup II» қайырымдылық турнирінде I орын алғаны үшін 11 «Б» сынып оқушысы Сұлтанғазиев Аянби марапатталды. Құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻 Жеңісті күндерің көп болсын!
Педагогикалық кеңес: «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары»
04
November
2024
Педагогикалық кеңес: «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды
2024 жылдың 04 қараша күні «Заманауи сабақты ұйымдастыру: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңес жұмысы коучинг-сессия және  нормативтік бөлімді қамтыды.    Кеңестің негізгі бөлімінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Бауыржанқызы І тоқсандағы білім сапасының қорытындысының мониторингісін көрсетіп, алдағы міндеттерді айқындап, ұсыныс жасады.  Педагогикалық кеңестің практикалық бөлімінде «Жасанды интеллект-білім беру
«Best педагог-2024»  республикалық байқауы
04
November
2024
«Best педагог-2024» республикалық байқауы
04.11.2024ж.Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы және лицей ұжымы «Best педагог-2024»  республикалық байқауының жеңімпазы химия пәні мұғалімі Каумбаев Сунатулла Абдуғаниұлын салтанатты түрде күтіп алды. Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз бен адалдығыңыз болашақ ұрпақтың жарқын болашағына жол ашуда. Шәкірттеріңіз сізден шабыт алып, биік белестерді бағындыра берсін! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Коучинг-сессия: «Жасанды интеллект-білім беру жүйесінде»
04
November
2024
Коучинг-сессия: «Жасанды интеллект-білім беру жүйесінде»
04.11.2024ж.«Жасанды интеллект-білім беру жүйесінде» тақырыбында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н.С. Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен  информатика пәні мұғалімдері коучинг-сессия өткізді. Коучинг барысында педагогтер топтарға бөлініп, ЖИ мүмкіндіктерін қолдана отырып кіріктірілген сабақтардың ҚМЖ және тақырыптарына сай видеороликтер, перезентациялар жасап қорғады. Соңында кері байланыс берілді.
Сынып сағаты: «Адалдық сабағы»
04
November
2024
Сынып сағаты: «Адалдық сабағы»
04.11.2024 жылы 5 «А» сыныбында «Адалдық сабағы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  🔰Сынып сағатының мақсаттары: •оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа, әділдікке  тәрбиелеу; •жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге баулу; •білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. Сынып сағатында оқушылар «Әр ісіңді әділдікпен әсемде» тақырыбында ойтолғау жазды, «Сен қаншалықты шыншылсың?» сауалына жауап берді. «Адал болу сен үшін, қоғам үшін қаншалықты маңызды?» сұрағы