Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
Таеквандодан өткен Халықаралық “BEST TKD” турнирі
12
October
2024
Таеквандодан өткен Халықаралық “BEST TKD” турнирі
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 Таеквандодан өткен Халықаралық “BEST TKD” турнирінде 9 “Д” сынып оқушысы Сержан Сара🥇  I орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻 Жеңісті күндерің көп болсын!
Білім беру ұйымдарына арналған тренинг
11
October
2024
Білім беру ұйымдарына арналған тренинг
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының  11.10.2024 күнгі , №01.1-22/653 хаты негізінде  Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында және мектептерде экологиялық «Жасыл клубтар» ашылуына орай Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына білім беру ұйымдарында тренинг ұйымдастырылды. 12.10.2024 күні,
World Sobaki Challenge  жарысы
11
October
2024
World Sobaki Challenge жарысы
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы 5 «А» сынып оқушысы Жұмағазыұлы Еркөкшені жеңісімен құттықтады.💐💐💐 2024 жылдың 5 қазанында Жапонияның Фукуока қаласында өткен  Enshin Karate бойынша әлем чемпионаты — World Sobaki Challenge  жарысына лицейдің 5 «А» сынып оқушысы Жұмағазыұлы Еркөкше қатысып, әлем  чемпионы атанды.  ❇️Сынып жетекшісі:Мунасаева Рая  Халықаралық жарыстың жеңімпазын құттықтаймыз! Алар асуларың мен бағындырар биіктерің көп болсын!
Лицейіміздің ұстазы сабақ өткізіп, өз білімімен бөлісті
10
October
2024
Лицейіміздің ұстазы сабақ өткізіп, өз білімімен бөлісті
10.10.2024ж.Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей химия пәні мұғалімі Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлы Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде сабақ өткізіп,өз білімімен бөлісті.
Тренинг: "Менің жақсы қасиеттерім"
10
October
2024
Тренинг: "Менің жақсы қасиеттерім"
Лицей психологі 6-сынып оқушыларымен оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер және жағымсыз қылықтар жөнінде айту, пікірлесі, жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жиренуге баулу мақсатында «Менің жақсы қасиеттерім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. |Тренинг барысында «Менің ең жақсы қасиеттерім», «Құбыр», «Кім байқампаз?» және сергіту жаттығулары жүргізілді.
Ашық сабақ: “Санның модулі”
09
October
2024
Ашық сабақ: “Санның модулі”
09.10.2024 күні математика пәні мұғалімдері кафедрасының айлығы аясында математика пәні мұғалімі Таймұха Төлеш Сарсенбайқызы 6 «Ә» сыныбына “Санның модулі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.  🔰Сабақтың мақсаты:  -Санның модулі ұғымын түсінеді; -Оң және теріс сандардың модулдерін анықтау арқылы есептерді тиімді шешеді; -Санның модулін қолдана отырып, түрлі математикалық есептерді шешу дағдыларын дамытады.
Оқыту-танымдық дәріс: «Мен-Алдармын, алдармын»
09
October
2024
Оқыту-танымдық дәріс: «Мен-Алдармын, алдармын»
09.10.2024ж. 5«Ә» сыныбы ҚР Орталық мұражайында  өткізілген «Қазақ халық фольклоры: қазақ ертегілері әлемінде» жобасы аясында «Мен-Алдармын, алдармын» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқыту - танымдық дәріске қатысты. 🔰Мақсаты: Орталық музей мәдени-білім беру мекемесі ретінде оқушылар аудиториясына ерекше көңіл бөліп, жас ұрпаққа ұлттық мұрамызды, рухани құндылықтарымызды жастарға насихаттау мақсатында.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
09
October
2024
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
⚜️Ата-ана мен бала қарым-қатынасы - бұл қоғамның негізгі құрылымының бір бөлігі, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудың маңызды факторы. Бұл қарым-қатынас баланың туылғаннан бастап өмір бойы дамиды, өзара түсіністік, қолдау және махаббатқа негізделген болуы керек.