Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
июнь
2014

Хабарлама "Ыстық тамақ" сатып алу

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардытамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына

2-қосымша

 

Конкурс туралы хабарландыру

 

Алматы қаласы Білім басқармасының Махатма Ганди атындағы "Дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Панфилов көш., 205, электрондықмекенжайы sshlod92@mail.ru орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қызмет: Алматы қ., Бостандық ауданы, Панфилов көш., 205 мекен-жайы бойынша,

жалпы саны 300 оқушы,

олардың ішінде көрсетілетін қызметті бюджеттік қаржы есебінен алушылар саны 15 адам - от басы аз қамтамасыздандырылған білім алушы;

қызмет көрсетуге бөлінген жалпы сома: 373 665 теңге (ҚҚС-ны санамағанда).

Қызметті көрсету мерзімі: 2014 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2014 жылғы "18" маусымында сағат 17-00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Бостандық ауданы, Панфилов көш., 205, 202 бөлме, сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін және/немесе e-mail 92.alschool.kz, интернет-ресурсынан алуға болады.

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Алматы қаласы Білім басқармасының Махатма Ганди атындағы "Дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Бостандық ауданы, Панфилов көш., 205, 202 бөлмесіне жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі: 2014 жылғы "25" маусымында сағат 16-00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2014 жылғы "25" маусымында сағат 17-00-де мына мекенжай бойынша Алматы қ., Бостандық ауданы, Панфилов көш., 205, 202 бөлмесінде ашылады.

Қосымша ақпаратты жұмыс уақытында (727) 248-30-40, (727) 248-46-55, (727) 248-46-60, 8-747 439 92 20 телефондары арқылы білуге болады.

 Kaz.Tender.doc [171,5 Kb] (cкачиваний: 35)
Посмотреть онлайн файл: Kaz.Tender.doc