Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin2 от 8-09-2014, 15:19, посмотрело: 590

 Директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары

Искакова Жанар Шамшихановна 1973 жылы 28 мамырда туылған, білімі жоғары, педагогикалық өтілі 18 жыл, жоғары деңгейлі жоғары санатты математика және информатика пәні мұғалімі.

Алматы қаласында 1990-1995 жж Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін «Математика және информатика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Тараз қаласында 2003-2005 жж Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагог-психолог» мамандығы бойынша толық курсын бітірген.

Еңбектегі кәсіби жолын 1996 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданы Луговой селосында №1 бағдарлы мектебінде математика пәні мұғалімі ретінде бастаған. Осы аталған мектепте 2001-2003 жж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылдың наурыз-желтоқсан айларында Жамбыл облысыТ. Рысқұлов аудандық білім бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2003-2006 жж №146 қазақ орта мектебінде математика пәні мұғалімі, 2006-2013 жж №175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясында информатика пәні мұғалімі қызметін атқарды.

Искакова Ж.Ш. өз мамандығын жан-жақты меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, әрдайым білімін үздіксіз жетілдіріп отыратын, жаңашыл ұстаз.

2010-2013 жж оқушылары қалалық, халықаралық ғылыми жоба байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Мұғалім кәсіби өсу жолында көптеген жарыстарға, конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтсақ, Әуезов ауданы бойынша «Жыл мұғалімі – 2007» жүлдегері, Алматы қаласы бойынша «Ең үздік жыл сынып жетекші – 2012» байқауының жүлдегері.

2013 жылдың желтоқсан айынан бастап М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директорының инновациялық ісі жөніндегі, 2014 жылдан бері директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

2014 жылдың тамыз-қараша айларында ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының І (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курсын аяқтаған.

Бүгінгі күні ол мектептің мұғалімдерімен тығыз жұмыс жасап келеді, педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру; қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етуде; оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсетуде; мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік кәсіби құзіреттілігінің жоғары деңгейіне жетуге және олардың оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін ететін коучинг және тәлімгерлік үдерістерді іске асыруда; сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыру мен басқарудағы дайын болуын қамтамасыз етуде.

Искакова Ж.Ш. өз әріптестері, оқушылары мен ата-аналар арасында сыйлы беделді ұстаз. Мұғалімдерге талапшыл. Лицейде мектеп жұмысы мен дарынды оқушы жетістіктерін өрістетуге ықпал етіп келеді.

 

Категория: акiмшiлiк

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin2 от 4-09-2014, 03:15, посмотрело: 375


Бижанова Бахыт Сапаровна – білімі жоғары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетініңбастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы мұғалімі. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Еңбек жолын Қара Балта қаласында №1 «Лужок» балалар бақшасында тәрбиеші болып, Талдықорған қаласының №36 балалар бақшасында дене шынықтыру мұғалімі болып бастады.

Алматы қаласы, Медеу ауданы №163 жалпы білім беретін мектепте әлеуметтік педагог, Бостандық ауданы №140 М.Мақатаев атындағы мектеп-гимназияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Өзінің педагогикалық еңбек жолында тәрбие саласында мамандық таңдауға бағыт беріп, жол сілтеді.

Бүгінгі күні ол мектептің мұғалімдерімен тығыз жұмыс жасап келеді, оқушылардың тәрбие бағыты бойынша жоғары деңгейіне жетуге және олардың оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін тәлімгерлікүдерістерді іске асыруда және оқушылардың өзін-өзі басқарудағы олардың дайын болуын қамтамасыз етуде.

Категория: акiмшiлiк

 

Директордың шет тілдер ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin2 от 3-09-2014, 03:25, посмотрело: 439

 
 Директордың шет тілдер ісі жөніндегі орынбасары

Бекмырза Қарлығаш Байділдақызы 1977 жылы 13 шілдеде туылған. Білімі жоғары, педагогикалық өтілі – 20 жыл. Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1995-2000 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы М . Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып, аяқтаған.

Еңбектегі кәсіби жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының №48 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2002 жылы Шымкент қаласы №69 Дарынды балаларға арналған экономика және құқық лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Аталған мектепте әдістемелік бірлестік жетекшісі және мектеп мұғалімдерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметтерін атқарды.

Бекмырза Қарлығаш - өз мамандығының білгірі, жан-жақты меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, жаңалыққа жаны құмар ұстаз. 2008-2011 жылдар аралығында оқушылары облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Жоғарыда аталған мектеп атауы бірнеше ретөзгерді. 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14 қарашасындағы №300 қаулысымен №2 Дарында балаларға арналған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты болып аталынды. 2012 жылы 1 наурызда осы мектепте директордың ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып бекітілді. 2013 жылдың шілде- қараша айларында Қазақстан республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының I (ілгері) бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған. Мектеп оқушыларының ғылыми жоба жұмыстары мен пән олимпиадалары бойынша облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі жүлделі орындарды иеленуіне үлкен күш жұмсап, ықпал етті. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуіне ықпал етіп, оқу мен оқыту үдерісіндегі оқытудыңинновациялық түрлері мен жаңа әдіс- тәсілдерді тәжірибеге ендіруде көптеген іс-шаралар, коучинг, сессия, шеберлік сыныптар, семинар-кеңестер тәлімгерлік үдерісті ұйымдастырудағы және жүргізудегі еңбегі зор.

Категория: акiмшiлiк